Posted in

ДЕЛЕБЕСІН ҚОЗДЫРДЫ

Желіктірді, шабытын, құмарын оятты. * Елдің делебесін қоздырғысы келгендей ұзын сүйір саусағымен қос ішекті саумалай қағып, ойнақы бір әннің сарынын безілдетті. Қ.Тол. * Әсеттей сал ән салсаң әсем етіп, Делебені қоздырып әсерлі етіп, Сағынарсың бір күні-ай! Әсет Найм. * Күнде бүгін шайдай ашық, Алатау қойнауынан ескен қоныр жер сан түрлі жұпар иіс шашып, делебеңді қоздырады. Б.Тоғ. ~ Сонымен, сайдың екі жағына өтіп екі топ тұра қалып кетпен сілтеді. — Қи-и! Жабыл кедей, жабыл! — деп Шәріп жұрттың делебесін қоздыра ұрандап қояды. С.Ел.