Заматта, тез арада, әне-міне дегенше. ~ Шұнақ шал мың құбылады. Жаңа ғана сазарып барып, бет-ауызы жыбырлап кетіп еді, демнің арасында көңілі тау күніндей көтерілді. Б.Қыд. ~ Адамның көңілі деген қызық нәрсе ғой. Демнің арасында қанат байлап, алып-ұшпай ма. Ш.Айт. ~ Демнің арасында жансақтаудың жолын жақсы біліп алған жағымпаздар Әулиеатаны Мирзоян атандыра салды. Б.Қыд.
