Posted in

ДЕМІНЕ НАН ПІСТІ

Мақтанып, масайрады, күпінді, әлдеқандай болды. ~ Қайтсын, орталықта әдеби кеңесшімін деп деміне нан пісіп жүрген кезі, мұндайда қазақтың: «сиыр сипағанды білмейді, сығыр силағанды білмейді» дейтіні бар. Қ.Ысқ.~ Былтыр Хиуа ханы той қылғанда, Әуез ханның қоңыраулы балуанын сүріндіріп, иісі қарақалпақты бір қуантқан… Содан бері Жабының деміне нан піскендей еді. З.Шүк. ~ Бұрын Кегеннен Алматыға ауысқанда көкжантық қояндай шоқалаңдап қалып еді, енді көңілі қалас, көралын көк баспастай екпіндеп тұр, деміне нан пісетіндей. Б.Қыд.