Posted in

ДЕМІН ІШІНЕ ЖҰТТЫ (ТАРТТЫ)

Үнсіз тұнжырады. * Алматының аспанын да, халқының көңілін де бұлт торлаған. Жазушылар одағының үйіне кірген із бар да, шыққан із жоқ. Ал іші өлі тыныштық. Дәлізде – демін ішіне жұтқан, басын төмен салбыратқан, сұлық күйдегі үнсіз көлеңкелер мен сүлдерлер жүр. Т.Жұрт.

Үнсіз қалды; өлі тыныштық орнады. * Дүние түгел демiн iшiне тартып, түнгi дала баяу мүлгидi. Тыныштық. Уайым толы жүрегiн сағыныш сазы сыздатып, зарығумен дәурен кешкен ару-түннiң мақпал көрпесiн жамылып, көкжиектегi мұнар басқан шоқыға ұзақ қарады. Т.Жұрт. ~ Демін ішіне тартып тынып тұрған әр қандай жым-жылас тыныштықтың артында, астарында жататын боран-шашыны, қызыл шұнақ аязы болушы еді. Ғ.Біл.