Posted in

ДЕНЕСІ ТІТІРКЕНДІ

Жиіркеніштен не қорқыныштан тіксінді, шошынды, төбе шашы тік тұрды. * Оның бейнеусіз аңқиған, жарық ерінді, дүрдек аузынан шыққан демі Ақбілектің бетіне тамұқ лебіндей тиіп, денесін тітіркендірді. Ж.Айм. * «Қане, жүр» деп Қоржынтай қысып барады. Қоржынтайдың сыбырын есіткен сайын Злиханың денесі тітіркеніп сала береді. Б.Май. * Осыны ойлағанда, өрмелеп, мені де тірідей мүжіп жатқандй қол- аяғым жыбырлап, денем тітіркеніп кетті. Г.Нарыт. * Лиманың денесі шынымен- ақ тітіркеніп, түршігіп кетті. Көңілін үрей биледі. Ә.Тар.