Қол-аяғы аман; денсаулығында мін жоқ. * Қожамжар үсті-басын сипалап тексерістей бастады. Жоқ, дені-басы бүтін сияқты. О.Сәрс. * Кейде дені-басы сау, қол-аяғы бүтін азаматтардың жұмыс істеуге мойындары жар бермей, алма піс, ауызыма түс деп, жеңіл жолмен нан табуға тырысатыны бар. БАҚ * Мүгедектер арбасына иек артқан петропавлдық қыз … дені-басы сау, аяқ-қолы бүтін замандастары тәрізді еңбек еткенді қалайды. БАҚ
