Қайғы басар ем; аурудың дәрісі; жүрек жарасының дауасы. * Ендi керуен жүрсе, Әке бiздi көрмесе, Дертiме дәрмен болмаса, Арманымды айтарсыз. БС “Бозжігіт”. * Сәуірдің әрбір күні дертке дәрмен, Құдайым дәрмен бол деп етер пәрмен… Бір малы шаруаның екеу болып, Қыстаудан ел шығады алуан-алуан. БС “Бозжігіт”. * Ажал апанынан аман алып қалар ақ желекті жандар үшін қас пен көз арасында құстай ұшып жетіп, дертке дәрмен табуы — қалыпты жағдай. БАҚ * Тез, бұлбұл, мұңды дауыс, сиқыр тілдім, Дәрменді қалың дертке сенен білдім. М.Жұмаб. * Қасиетіңнен айналайын жылқы жарықтықтың тұрған бойы әптек қой. Мың бір дертке шипасы бар. Т.Сәук. * Альберт Нобель бәйге тіккеннен бері де осы дертке шипа іздеп, басын байлаған қанша ғалым өтті! Т.Әбд.
