Сырқаты асқынды. ~ Шындығында, ауырғанның жағдайын ауырған жан біледі. Өткенде ғана, осындай күрделі кезеңді өзім де бастан өткерген жоқпын ба? Дерт меңдегенде жаныңды қояр жер таппайсың. Ә.Ысқ. ~ «Көк атым күнде мінсем арымайды, Көңілім қалайынша налымайды. Меңдеген дерт бойды алып, еңсе түсіп, Қанша дару қылсам да дарымайды…» Б.Майл. ~ Төсектен тұра алмай, аурудың азабын тартып жатқан сол бір мүсәпір жанға аяушылық сезіммен қарағандығымнан болар, мұңлы жанары мен дерт меңдеген жүзі ауық-ауық көз алдыма елестей береді. Қ.Бегм. ~ Таланттылар сүрінсе болды жанды
дерт меңдер, Қарап жүрді шекелеп, “көкелері” ерткендер … С.Нұрж.
