Posted in

ДЕСІП ЖҮРДІ

Біреулердің айтып жүрген сөзі, өсегі туралы. ~ Ертеңіне Қасым бетіне орамал байлап шықты. Жұрт «аттан жығылып, бетін тас жырып кетіпті десіп жүрді. Не жырғаны Күнікей мен Шекерге аян, түндегі аттыға аян. Оның аузын Қасым тығындаған. Ж.Айм. * Біз елден кететін күні, кешке жақын далада сөйлескенді шам көріп Есімбек Шұғаны жаман сөгіпті. Ағалары да қатаңдық қылған білем. Содан бері Шұға жылауда, тамақпен жұмысы жоқ десіп жүрді. Б.Май.