Posted in

ДЕСІ ЖҮРДІ

Жолы болды, тасы өрге домалады. ~ Мақтау естіген бала оның ең жақын етенесіне айналып, басқалардан сүйем қарыс биіктеп кетуші еді. Ол күні ондай баланың десі жүріп, әрқайсымызға орынды– орынсыз қожаңдап тиісе беретін. Арқа сүйері Әжібектің өзі болған соң кімнен қорықсын. С.Мұр. ~ Вронский одан жалғыз ғана өзгеріс байқап тұр, ол өзгеріс десі жүрген адамдар жүзінде, сол десі жүруін жұрт біткен түгел танығанын білгендіктен үзілмей, баяу есіп тұратын нұр сәулесі еді. Л.Тол. ~ Бірге туған інісі Тәңірберген елге оралғанда 16 жастағы бала еді. Бұл күнде өз ортасына беделі бар, ақсақалға айналыпты. Дәулеті шалқып, десі жүріп-ақ тұр екен. АҚ “Туған жердің…”