Posted in

ДОДАҒА ТҮСТІ (КІРІСТІ)

Әлдебір тартысқа түсіп, күшін сынады. ~ Өмірдің додасына түскен жанға Бұйырған бақта үзілмей піскен алма. Шаттықтың, сағыныштың шежіресі – Сайрайды ренгендей іште таңба. Т.Әл. ~ Концерт әлдеқашан аяқталса керек, жотаның үстінде жаяу- жалпылы біраз адам додаға түскендерді тамашалап тұр Қ.Жұм. ~ Оңаша кезіктіріп, әлгімен сайысқа түсейін десе де, бұған дейін қанды додаға түсіп көрмепті. Күдікшіл секемі қолын тұсап келеді. С.Смат. ~ Екінші айналымға Аққұлдың шыдамы жетпеді. Додаға белсене кірісіп, қақ жарып суырылып шыға келді. Б.Мом.