Posted in

ДУШАР БОЛДЫ

а) Кезіктірді; тап болды. ~ Жігітім, саған душар еткен құдайға мың қатта шүкір. М.б.Т. ~ Мен ылғи айтушы ем: Нұрбике келіннің осы қызы бір бақытты адамға душар болар, — деп. Б.Майл.
ә) Әлдебір сезімнің әсеріне шалдықты. ~ Махаббат мүптәл есіне душар болған сұлу қыздар елеңдеп ұйықтай алмай, тастан қатты шешесі есікті құлыптап, түңлікті ашып қойғанда… М.Дулат. ~ Тананың ыстық демі бетіме соққанда күні бойы оттай лепті аңызақ желдің өтінде жүргендей таңдай кеуіп, тән қаталап, өзгеше бір шөлге душар болдым. Ә.Нұрш.
б) Әлдебір жайсыз жағдайға ұшырады. ~ Осылай да осылай, зорлыққа душар болдым деп талай рет жалынып, жылап, шынымды айттым. Бірақ оған күйеуім сенбеді. Ә.Нұрш. * Қазақ өнері ауыр қазаға душар болды. БАҚ ~ Қармыс акробатшының шеберлігін тамашалағандай әуестікпен тыпараңдаған одан көз айырмады. Әрі аянышты, әрі ерсі жағдайдың соңы қазаға душар ететінін естен
шығарғандай Нысанға ұмтыла қоймады. Ө.Кәр.