Posted in

ДУ-ДУ

У-шу, азан-қазан жағдай. ~ Туйе боздап, кой қоздап – қора да шу, Көбелекпен, құспенен сай да ду-ду. Абай. ~ Күндізгіден бетер жарқыраған Сарықамыс гу-гу. Тоғайдағы қамыс-құрақ ду-ду. М.Байғ.
Қызу әңгіме, толассыз күлкі. ~ Шынарға кесе келді. Маған кесе жетпеді. Мен бауырсақ жеп отырдым. Жігіттер жағы көп сөйлейді, ду-ду. Н.Сер. ~ Төрт бөлменің төртеуінде де араққа қызған көңілді кісілер гу-гу, ду-ду. Ә.Нұрп. ~ Сол жолы елге шеберлігімен белгілі Хови Койл керемет ойнады. Допты кез келген жерден, тіпті алаңның ортасынан торға доп түсіреді. Ел таңқалысып ду-ду. Дж.Сэл.