Дауыстады; ишара беріп, дыбыс шығарды. ~ Ау, кім бар-ау? – деген жолаушы даусын созып. Іштен ешкім дыбыс қата қоймайды қапелімде. Т.Сәу. ~ Біреу-міреу өз шығармалары жөнінде бірдеме дей бастаса, ішінде жатқан, жай жатқан емес, барған сайын даусы нығыздалып келе жатқан ала күшік – дыбыс беріп ақырын болса да шәуілдей бастайтын ала күшік бұл жолы үндемей қалды. С.Шай. ~ Ол әлгі басына мұз қапшық қойған ауруға үңіліп: “Михайло!” деп дыбыс берді. А.Чех.
