Безектеп, әбігерге түсті, мазасы кетті, күйіп-пісті. * Әжем қанша дызақ қағып, шыр-пыр еткенімен, менің құлағыма кіріп-шығар емес. Д.Рам. * Осыған менi кiм жеткiздi? Әрине‚ мамам қасымда жоқ‚ ол кiнәлi емес. Ол тiрi болса скрипкаға берер ме едi?» Қыз кiмдi кiнәларын бiлмей дызақ қақты. Қ.Түм. * Көштің алды керілген арқандай ұзыннан-ұзақ созылып жатқан құз-жартасты биік тауларға таяп келеді. Жақындаған сайын атқамінерлерден сабыр қашып, маза кетті. Дызылдап, дызақ атып, ат үстінде қопаң-қопаң етіп, әрлі-берлі шапқылай бастады. Д.Рам.
