Posted in

ДЫМЫН ІШІНЕ БҮКТІ

Сырын жасырды. ~ Осының бәрін өлшеп-пішкен ақылды бригадир ол күні дымын ішіне бүгіп, тыныш ұйықтап шығады… О.Сәрс. ~ Сонда шу көтеріп, мәселе қойған ауыл әйелдерін шығарып жіберіп, «тек еркектер шешетін шаруа» деп, дымын ішіне сақтап ол кетті. БАҚ. ~ Ішіндегілер басқалар сияқты дымын ішіне бүгіп отыр ма, әлде бұл «сабаз» кімнің үйде, қайсысының түзде екенін, жалпы, тұрғындарды бес саусағындай біле ме? Аль. Омар.