Ештеңенің парқына жетпеу, дәнеңе түсінбеу, сезіп, білмеу.
~ Күнікей Шəмшилерге таяу, көрнекті жерде отырғалы бүкшиіп жатқан бір-екі қызды итеріп жіберіп: «Ой, бұ қайсың?» – дегенде, дым сезбеген боп тымырайып отыра қойды. Ж.Айм. ~ Ар – ұят дегеннен дым сезбейтін көкайыл пәлекеттің өзі болып шықты әлгі антұрған. Қанша уақыт ізіме түсіп алды десеңші. Б.Соқп. ~ О, ол жатқан шылқыма қызық! Кластағы барлық оқушы дым сезбей, көздері бақырайып, мұғалімнің аузын бағып отырғанда, сен бәрін білесің, бәрін алдын ала түсініп аласың. М.Қаб.
