Posted in

ДЫҚ САҚТАМАДЫ (САҚТАҒАН ЖОҚ)

Кек қылмады; өкпе сақтамады. ~ Олар мынау хатшы, мынау аудармашы (тілмаш) еді деп таныстырылмағанына да қыңқ етпейді. Дық сақтамайды. Ғ.Біл. ~ Палмақан бірақ Бұйрабаевтың бұл мінезіне бұрынғы күндердегідей қатты күйініп, ішіне дық сақтаған жоқ. О.Сәрс. ~ Есік көзіне барған Елтайдың ту сыртынан: — Бидайдың барар жері — диірмен, бала. Дық сақтама. Туған топырағына әлі-ақ ораласың. Рақметіңді сонда айт. М.Қаб.