Суықтан дірілдеп, қалшылдады. ~ Дала аяз, жаурап талай зықымыз шыққан. Мұрнымызды сүртуге мұршамыз келмей, талай дірдек қаққамыз. Ж.Айм. ~ Тұла бойы күйіп-жанып безгекке ұшыраған кісідей дірдек қақты. О.Сәрс. ~ Жұқа киімді шоферлер тоспа басында дірдек қағып жүр. Б.Тоғ. ~ Аяғың аман ба? — деді иегі-иегіне тимей сақылдап дірдек қаққан Дәнеш. С.Мұр.
ә) Біреудің алдында зыр жүгіріп, қызмет қылды. ~ Он жасынан есікте дірдек қаққан, Жиырма жастан бай қойын он жыл баққан. Тағы алты жыл жүріпті ала алмастан, Қалың малға жете алмай барлық тапқан. С.Торы. ~ Айтыңызшы, жабайы адамдар теңге сарайларын сала ала ма? Сала алмайды. Біле білсеңіз, бұл түрікілер бір кездері Римнің қақпасын қағып, күллі еуропаның тізесін дірдек қақтырған. АҚ “Карта”.
