Көздегені, алдына қойған мақсаты орындалды. * Қонағым діттеген жерден шықты. О.Сәрс. ~ Бірақ осыдан жиырма бес ғасыр бұрын өмір сүрген қытайдың ұлы ойшылы да бұған дайын ештеңе ұстата қоймады. Оның айтқандарының көбі көңілге қонғанымен, діттеген жерден шықпай, әйтеуір бірденесі жетпей тұрғандай әсер қалдырды. Қ.Жұм. ~ Бұл келгенде Тілеуқабақтың ұпайы толық болатын. Кедей ауылмен сонау мамырдағы қақтығыстан кейін тәсілқой бай сұмдық әрекет жасаған еді. Сол әрекеті діттеген жерінен шығып, асығы алшысынан түсіп мерейленіп отыр. С.См.
