Posted in

ДҮЙІМ ЖҰРТ

Көпшілік жұрт, бүкіл ел. ~ Бағданның төбесінен жай түскендей: дүйім жұрттың аузында жүрген, «талантты суретші» деген атақ әперіп, мұны даңққа бөлеп келе жатқан картина мына бір шөп желкеге ұнамайды. Кім өзі бұл соншама?! С.Шәйм. ~ Сүйреп жүріп ұлына сегіз сыныптық білім әперген әке, дүйім жұрт сыйлайтын Басыбек момын, қайырымды жан-ды, со жылы тамағына қызыл балықтың жаңқасы қадалып өлді. Ж.Нәжім.