Posted in

ДҮМІ МЫҚТЫ

Шыққан тегі мықты, рухы берік; тамыры терең, қолдаушылары күшті. * Бұл заманның адамдарына кім керек, кім қадірілі сонда? Дүмі мықты демеушілердің, қолтығынан дым бүркіп, дем берушілердің ақшасына алшаңдап басып… С.Мұқ. * Жақсы ермек, ә?.. Ninety One-ды айтам… Дүмі мықты, шырмауы мығым жемқорлар емес, тамыры тереңге кеткен әлгі… радикалдар емес – бұларды қуған қауіпсіз һәм раxат!.. Т.Шап. * Дүмшенің дүмі мықты болса, дүниені дөңгелетеді ғой, қайтесің. Қиқымат басыммен тап осымен таласқа түскеніме қорланып та кеттім. Б.Әлім. * Жаздағаны – илеудің бетін ғана тай тұяғы сыдырып өткен. Шөп-шалам, сабандар шашылды. Індете салынған илеудің дүмі мықты. Ш.Құм. ~ Өмірі тіл сындырып, оқу оқымақ түгіл, оқулық дей¬тін нәрсені қолға ұстап көрмеген дүм қараңғы әкем үшін оқу – ол менің қолымнан келе қоятын нәрсе емес. Д.Қуат.