Posted in

ДҮНИЕНІҢ АЗАБЫ

Адам айтқысыз қиындық, бейнет, қиналыс. ~ Зайыбына хат жазу жайын ойлап, Исабеков түнімен толғанды. Дүниенің азабы екен, қағаз бетін сөзге айналдыру бір сәрі, сезімге көшіру қандай қиын. Ол әбден дағдарды, әлекке түсті. Ш.Айт. ~ Кандидаттық диссертациясына жаны онша қиналмап еді, докторлық деген — дүниенің азабы екен. Он жыл бойы қанша күн, қанша түн көз майын тауысты, қанша тер төгіп, еңбек етті. Б.Тоғ.