Posted in

ДҮНИЕНІҢ КІЛТІ

Өнер-білімнің, биліктің көзі. ~ Қазақта аз ғой әзір оқығандар, Дүниенің кілтін тауып тоқығандар. Қазан мен Петерборда көзін ашып, Шәкендер — олқымызды толтырғандар. Б.Тоғ. ~ Айлы-күннің аманында жолаушыға есік ашып, қара су татырып көрмеген Шығайбайлар ақ боранда қайдан мейірімі түссін. Бірі есігін ашпайды. Сонда, бар дүниенің кілті өзімнің қолымда деп ойлайтын Шәлтік біреудің терезесіне келіп, «аш есікті, мен ауылнаймын, Шәлтік ауылнаймын» деп, мөрін алып, қырау әйнегіне баса берсе керек. С.Жүн.