Басқа түскен сор; адам айтқысыз қиындық; тірліктің қорлығы. ~ Қыршаңқы шал күйінгенде айтты демесе, бұл Жәдігердің өзінің де көкейінде жүрген ой еді; ана дүниенің тозағы қандай болатынын кім білсін… Ә.Нұрп. ~ Шәкәрім хажы кісі өліміне теріс қарайтын. «Тіршілікте істелген күнәні құдай ғана кешіре алады, шын күнәһар о дүниенің тозағында күйеді» дейтін. Мынаның қанын мойнымызға жүктемейік. Алла алдында өзі жауап берсін! Б.Тоғ.
