Posted in

ДҮНИЕНІҢ ТӨРТ БҰРЫШЫ

Жан жақ, шартарап. ~ Қай түкпірге барсаң да — асфальт жол. Самолет, пойыз дегендер дүниенің төрт бұрышына ағылып жатыр. Б.Тоғ. ~ Әсіресе Шыңғысхан империясы құрылған кезде, оның ұрпақтары дүниенің төрт бұрышын жаулағанда жиі аталатын Жалайырлардың өз тарихы қандай? Енді соған тоқталайық. Б.Тоғ. ~ Бір палатада саусақтың саласындай тізілген төрт төсек қатар тұр. Сағат оннан соң шам өшіріліп, дүниенің төрт бұрышында тыныштық орнайды. З.Төл.