Posted in

ДҮРЕ САЛДЫ (СОҚТЫ)

Қамшымен сабап, жазаға тартты. Сықпыртып қамшы сілтеп, жаза қолданды. * Сендер ештеңе көрген де, білген де жоқсындар, жігіттің басы мен денесін жан көрмейтін жерге апарып тастаңдар. Ал ана сай бойында оны күтіп отырған серіктерін ұстап алып, майлы жерлерінен атқа отыра алмайтындай етіп дүре соғып қоя беріңдер! І.Ес. * Бұл өлендерді оқыдың деп молда балама дүре соқпай ма?-деп әжем Серкештің бетіне жаутандай қарады. С.Ом. ~ Дінім хақ, ісім ақпын, өлсем шәйіт, Қорқады деп үмітті үз сен антұрған. Баланың бар киімін шешіп алды, Жүз қамшы арқасына дүре салды. Қыңқ етіп бір дыбысты шығармады, Азырақ талмаусырап, нашарланды. Абай. ~ Андрей бір күн тоғай аралапты, Мұжықтың бірін ұстап жаралапты. Атын алып, өзіне дүре салып, Троекуров бай бар деп қарамапты. Шәк.