Рухтанды; желпінді, әлдебір іске құлшына кірісті. ~ Шығармалары сопылық поэзияның шыңы болып есептелетін Жалаладдин Румидің қалғып жатқан ұлы дарыны қырықтан аса бере дүр сілкінеді… Т.Шап. ~ Бұлардан бәрiн күтуге болады. Талай сойқанды сайыста бет шыдатпай талқандап өтетiн кәрi жыны қайта оянып, тұла бойы дүр сiлкiндi. Т.Сәу. * Адамдардың көңірсіген көңілі, меңдеп бара жатқан ауыр қайғыдан арылғандай дүр сілкініп, нұрлы да сиқырлы дүниенің құшағына енгендей әсерде болды. Ә.Нұрш.Селк ете оқыс қозғалып, еңсе көтерді. * Темірке кенет қан иісін сезген кәрі жыртқыштай дүр сілкініп, басын көтеріп алды. Ә.Нұрп. * Тек өзеннің бір қалыпты баяу сарыны, баяу ескен самалдан дүр сілкініп, маржан төккен ағаш жапырағының сыбдыры ғана болмаса, таңғы селдір тұманнан, таңғы шықтан тайга әлі ұйқылы-ояу маужырап жатыр. Қ.Ысқ. ~ Бозторғайдың шырылын естiсе болды: «Оһ, таң атып келе жатыр екен ғой», — деп дүр сiлкiнiп алады да, әркiм өз жұмысына кетедi. М.Қан
