Posted in

ДҰҒАДАЙ ҚАЙТАЛАДЫ

Жаииап алған құран сөзіндей қайта-қайта айта берді. ~ Ол үшін əр қазақ басқаны қойса да, бір ғана Абайды біліп, ең болмаса оның бір өлеңін – «Қалың елім, қазағым, қайран жұртын» ұғып, тереңіне бойлап- түсініп, құранның сөзіндей жаттап алса екен. Жаттап қана қоймай, күнде таңертен ұйқыдан ояна бере дұғадай қайталап, өзінің иманына айналдырса екен. З.Қаб. ~ Сол түні Тауман мен Нұрсәуле үнсіз ұғысты. Екеуі сүйем дейтін сәулелі сөзді ауызға алып, ант–су ішкен жоқ. Әйтсе де ғазиз жүректер бір–біріне
қалтқысыз сеңді. Махаббат дейтін киелі сезім, әулие ұғымды пір тұтып, қасиетті дұғадай іштей жарыса қайталады. С.Дос. ~ Ретсіз қылымсымай көптен үйренген жақын адамдай еркін сөйлеп, еркін күлген Қадишаға Байбосын қызығып, ынтыға қарай береді: «Шіркін-ай, келінім болар ма еді» деген арманын ішінен дұғадай қайталай береді. Енді әнін тыңдағанша асық. С.Жүн.