Posted in

ДӘДЕСІН (ҚОЛЫНА) БЕРДІ (КӨЗІНЕ КӨРСЕТТІ)

Аямады, жер-жебіріне жетіп ұрысты, әкесін танытты, сазайын берді. * … өкінішке қарай, бұлардың ешқайсысы да Ел иесі емес, интер-саналары төмен, әрі дөкір жұрттан, – дәдесін қолына беріпті, және лицей басшылығына шағым түсірген. М.Мағ. * Дәдесін қолына берейін! / жүгіріп келіп қамшылап Ахметті соғады/. Ахмет: Қарағым, Қамар, міне,сенің үшін жаным, қасықтай қаным, Қош! Қош! С.Тор. * Әуелі күлдім, одан кейін дәдесін көзіне көрсеттім-ау өзінің де. Бала ғой, тұрған бойы шикі бала. М.Қаб.