Дастарқанға шақырды, қонақасы берді. * Алдымен дәмге шақырғаныңа рақмет. Менің әлі де талай-талай жортатын жерлерім бар. Сол үшін үйге бармады деп ренжіме. Ж.Сәм. ~ Шөке тұмардың алып денелі, өңі қорқынышты адам екенін қасына келгенде байқады. Онымен қоймай бүгінгі мына жазасы, соңында дәмге шақыруының барлығы ‹‹ақылдылық›› деп ойлады да, үнсіз басын изеп мақұлдық білдірген еді. Б.Жұм.
