Posted in

ДӘМДІ СӨЗ

Татымды, ұнамды лебіз, мағыналы, мәнді пікір. ~ Жақсы хан аттанған соң: «Мені не деп кетті?» деп, жаман хан уәзірінен сұрағанда, уәзір манағы жауабын айтып: сізді мақтап кетті депті. Сонда жаман хан: — «Уай әттеген-ай! Шыжымды ерте тартпағанда, одан да дәмді сөздерім бар еді»— деген екен. Ж.Айм. ~ Жігіттер- ау, «болдың ба?» деп ауыздан қақпасаңдаршы,— деді қара торы қыз арадан киіп кетіп.— Жаман әннен дәмді сөз артық. Тыңдайық та. Мереке жалынды сөзсіз бола ма?! М.Сүн.