Әлдебір жақсылықтан, пайдадан үміттенді. ~ Байлар жүр жиған малын қорғалатып, Өз жүзін онын беріп алар сатып, Онын алып, тоқсаннан дәме қылып, Бұл жұртты қойған жоқ па құдай атып. Абай. ~ Мынандай боп, көпшілігі қайрат пен ойдан айрылып тұрған жұрт, енді оны көрген де тап–таза боп оттай жанып тұрған түрінің өзінен–ақ көп сүйеу алғандай болды. Іштері жібіп, ол келсе бір нәрсе орнына түсе қалатындай тегіс дәме қыла, жамырап қоя берді. М.Әу. ~ Япырау! Бұлар қайткелі жүр?! Әлде Қытай қол- аяғын бауырынан шығарады деп дәме қып жүр ме? Қытай жымиюда. Әлде Қытайды аштан қатырып қырам деп ойлай ма? Қытай тағы да жымиюда. Ж.Айм. ~ Қалағанға берем бе? Дәме етпестен Дәме еткен ол өзі неткен дорақ. С.Мұқ.
