Posted in

ДӘМІ ЖОҚ

а) Реті жоқ, қисыны жоқ, бос үміт д.м. * Байын сондай көріп жүрген Алтынайдың бүгінгі мінезінің тіпті дәмі жоқ қой. Бәсе деймін-ау! Жоқ, Алтынайдың өзінше дәмі әбден бар. Алтынайға құдайдың берген бір мінезі: анда-санда кілтің етіп, кекжиіп қалатын, ар жағында, пәлендей зілді өкпесі болмаса да, күйеуіне іші ырза болса да, бержағы, сырты өп-өтірік. Ж.Айм.
ә) Мән-мағынасыз. ~ Кей кезде таныс, бейтаныс кісілермен кездесіп қаласыз да, қазақы ізетпен әңгімесін тыңдауға мәжбүр боласыз. Мәжбүр боласыз дейтінім, ол кісі сіздің әңгімеге құлқыңыз бар ма, жоқ па, онымен санасып жатпайды. Көбіне дәмі жоқ, татуы жоқ әңгімемен есіл уақытыңыз босқа рәсуа кететіні бар. Ж.Аяз.
б) Қан-сөлсіз, құнсыз, тіл үйірер ештеңесі жоқ. ~ Ептеп командирге білдірмей тартпаса, сапта шылым тартуға болмайтын еді. Бірақ ұрланып тартқан шылымның дәмі жоқ сияқтанды. Б.Бұл.