Мән-мағынасы сұйылды, құны азайды, қадірі жоғалды.
~ … жарық дүниеден күдер үзген, тәтті өмірінің дәмі кеткен, «көп көрген жаныңды алсаң – алшы!» – деп жар жиегінде
ажал ернегінде қалтылдап құлағалы тұрған жалғыз ұлды
жарық дүниеге қол бұлғап қайыра шақырып алған – шерлі
ананың әзіз үні дейді. Д.Досж. ~ Әй, Қамар, бұлқынсаң да түстің торға, Абайлап қарасайшы оң мен солға. Бекерге тәтті аузыңның дәмі кетер, Тілімді ал, осы күннен әуре болма. С.Торы. ~ Көпке дейін жау жерінде топырақ жамылып жатқан сүйгенінің күйігінен дүниенің дәмі кетіп, Сақыш өзіне-өзі зақым істемесе жарар еді деп қобалжып жүрдім. І.Ес.
