Ажалы жетті; маңдайына жазған ғұмыры таусылды. ~ Бәрi Алланың қолындағы iс қой. Дәм таусылса, бермеймiн деп басымда тас жабысып күзетiп отырсаң да алып кетедi. Т.Сәу. * Күйеуім жұмыста, сәскелікте, столда отырған күйі жүріп кетіпті. Иә… Дәм таусылғансын оған не шара. М.Сүн. * Бұл кісінің бір күнін бір күнге жалғап келе жатқан – намазы мен түтіп отыратын жүні еді. Бүгін таңертеңнен бері екеуін де қолына алмады. Ендеше дәмінің таусылғаны. Бүгінгі кештен қалмас. Д.Әш. * Жолаушының айтысына қарағанда шешеміз айдалада қалыпты. Ал әкеміз тірі ме, әлде оның да дәмі таусылып әлдеқашан өмірден өтті ме, ол жағы беймәлім. О.Көш.
