Posted in

ДӘМ АЙДАДЫ (АЙДАП КЕЛДІ)

Жолы түсті. * Оқуға түсе алмаған соң, дәм айдап Алматыдан бір-ақ шықтым. Т.Әбд. * Міне енді дәм айдап, Ақтақаш себеп болып, киномен және тоқайласып отырмын. Б.Соқ. * Ағатайым қаладағы бір Мағиша деген оқыған қызды алғалы жүр екен. Орал тауынан ауып келген естек қызы. Бір мұғалім ағасы бар. Үйелмелі-сүйелмелі екі қыз екен. Бізге ұсап, дәм айдап келген ғой. Көргенді жердің балалары болса керек. Ж.Айм. * Мен сәл абыржыңқырап қалдым: ─ Дәм айдап, қалаңа келіп қалдық. ─ Өте жақсы болған, ─ деп ол сәл езу тартты. С.Шайм. * Сондағысы: анау, анау жылдары құрылған қордың біріне бұ кісәпірің төраға болған. Содан енді… Дәм айдап мына қызметке келді ғой. Н.Дәу