Тамақтың (нанның) киесі ұрсын д.м. қарғыс. ~ Дәм татқызу достықтың, жақындықтың басы, сондықтан да қазақ келген адамның жөнін сұрап үлгірмей-ақ тамақ, сусын ұсынады. Ол егер ертең қастық қылар, дұшпандық етер болса, «ой, дәміміз ұрғыр-ай, дәм атсын» деп жатады. Жалғыз аттық арба жалдап келген мен Серғазы берген адресті іздеп шай үстінен түстім. Б.Қыд. ~ Өткен жылы, аузыңа ғана… Қаракесек! Осы жерден қаңғып жүріп, үш атымды ұрлап кеткен… дәм атқыр, Қаракесек! Сол сыйың да жетеді… енді менен аулақ жүр, аруақ атқыр, Қаракесек!..— деп бәйбіше осы сөздердің бірін-біріне қосып, қайнаған ботқаша бұрқылдады. І.Жан.
