Дастарқаннан жеңіл-желпі ас татты. ~ “Е-е, мырза жігіт, айт, айтпа — орнына келмейді,— деді кемпір.— Тым асығыс болмасаң, дәм ауыз тие кет. Мына балықты біз бүгінге тауыса алмаймыз. Құдай ертеңгі ризығын тағы бере жатар”. М.Мағ. * Тақсыр – ай, жарайды, – деп Өлмес басы жерге жеткенше иілді. – Қазір адам жіберейін, қазір… Тек өздерің үйге түсіп, дәм ауыз тиіңдерші… Т.Әбд. ~ Ұзатылатын қыз мұндайда көңіл жетер алыс– жақын ауылдың бәріне баруы шарт. Кейбір ауылдарда жай аттан түсіп, әйелдермен көрісіп, дәм ауыз тиіп аттанса, енді бір қимас туыстардан түстік, қонақасы жейтін кездері де болады. Қ.Жұм.
