а) Ас тату нәсіп болды. * Мен бір-ақ күнмен өмір сүремін. Атар таңнан дәм бұйырар-бұйырмасына көзім жетпейді. Т.Сәу. * Тағы маған қай жерден дәм бұйырып тұр екен, қай жерден от оттап, су ішер екенмін дегенді де ойламай қоймадым. Б.Қыд. * Көңілі ұнатқан ауылынан Нұрғали кететін болды. Одан кеткенде қандай жерден дәм бұйыратыны белгісіз. Б.Майл.
ә) Тағдырдың жазғаны болды. * Күні ертең Тоты дәм бұйырып, бір зоотехник жігітке тиіп алса, қара домалақтарды бірінен соң бірін шұбыртып, самаурын түбінде қызыл шайды сораптап, терлеп-тепшіп отыратын сары қарын бәйбішеге айналар еді. М.Қаб. * Екінші себебі, Хадиша мен Бәйтеннің арасындағы ауызға іліне бастаған әңгіме құлағына жеткенде: «Мырзакеңнің баласы ақылды бала ғой, дәм бұйырса, барған жері жаман болмас», – деп іштей соған қорып қойған еді. Т.Әбд.
