Posted in

ДӘМ-ТҰЗЫ ЖАРАСТЫ

а) Бір-бірін хош көрді, жақсы жұп болып, отбасы құрды. * Алғаны өзінен көп жас кіші, желек жамылып жесір қалған ауылдағы бір инабатты әйел еді. Дәм-тұзы жарасты. Бірер жыл өткен соң бала да сүйді. Ы.Дәб. ~ Содан кейін басқа адаммен дәм-тұзымыз жарасып тұрмыс құрып жатырмыз… Т.Әбд. ~ Өйткені… тұма түбінен маған мазасыз да тарпаң бозбала, бет аузына жастық атты беймәлім кезеңнің ұлпа шаңы жұққан бозбала сынай үңіліп тұрды. «Асан бала, қалай, дәм-тұзымыз жарасып, құшағымыз айқасып кете ала ма, жоқ па»?— дейтіндей. М.Қаб.

ә) Бір-бірінің көңілінен шықты, жақын араласып кетті. ~ Ал, мына ақын тіпті өр, тіпті басқаша сөйлейді. Кездескен күннен дәм-тұзымыз жараса кеткен ақын інімді осы бір жырымен қуана құттықтадым. Т.Молд