Posted in

ДӘН РИЗА (РАЗЫ, ЫРЗА)

Өте қуанышты, көңілі тоқ. ~ Бұған Еламан дән ырза. Екіқабат әйеліне жас сорпа ішкізгенге мәз. Ә.Нұрп. ~ Арыстан Мысық пен Түлкінің жанашыр пейілдеріне дән риза болып, сергіп қалды. М.Әбд. ~ Үлкендер жағы тағы да кеукілдесіп қалды: «Е, сөйтіп, бір дән болса да, әскерге жәрдем ғой»,- десті, маңдай терлерінің қақысы қайтқандай дән риза болып. С.Мұр. ~ Өзі Сәтімбайға «кесек мінездің, істің адамысың-ау», ─ деп дән разы. С.Шай. ~ «Ə, солай ма екен, енді бəрің менің алақанымдасыңдар» дегендей, өзіне-өзі дəн разы күйде қайтадан жайбарақат жадырай бере… З.Қаб. ~ Ол біреуге жақсылық жасап тастап, өзі соған дән ырза болып отырған адамнан гөрі, абайсызда біреудің желкесіндегі шиқанын осып алып, не қолындағысын қағып төккен «айыпкерге» көбірек ұқсайды. Ж.Нәж.