Posted in

ДӘТ ДЕГІЗДІ (ДЕП ҚАЛДЫ)

Алдап кетті, қапыда қалдырды. * Жылтыр аты шулы ала аяқ. Оның қылмаған бұзақылығы жоқ. Ол әуелде Матайдың Әбеніне тілмаш болған. Әбенмен бірігіп елді қанаған; Әбенге шәкірт болған. Ол қазынаның ақшасын да жеген; талай адамдардан «қарызға» ақша алып, дәт дегізген. Ж.Айм. ~ Нәшекеңнің бұл айтқаны көкейлеріне қонғанмен, қоңыр белдің үстін игеруді өзгелер қиынсынған. Қазіргідей соғыстан әлсіреген кезде оған шама келе қояр ма екен. Бекерге не тынды игере алмай, не ескі жерге егін сала алмай екі ортада дәт деп қалармыз. К.Қаз.