Posted in

ДӘУЛЕТІ ШАЛҚЫДЫ

Бақ-дәулеті, ырысы, береке-бақыты асып-тасыды. ~ Қазір ойласам, әкемнің сондағы той мерзімін ұзартуға күш салып отырғанының түрлі себептері бар екен ғой. Біріншіден, әкем дәулеті шалқып отырған бай емес еді. Б.Мом. ~ Қытайға қараған абақ керей баласы он бес мың түтіннен асыпты. Дәулеті шалқып, елі өсіпті, кегін жоқтар ер туып, дауын сөйлер би туып, бақ қонған елге айналған екен. Т.Жұрт. ~ …Желши маңынан қоныс бөлiп, көшiрiп әкелген тұсындағы қоңыр төбел күймен ғана келгенiн бұл күнде дәулетi шалқып, атағы артып тұрған төреге көлденең өткен көк атты еске салар оқиға емес болатын. К.Сег.