Әлдебір нәрсені, қасиетті құндылық санады, байлыққа балады. ~ Кейбіреулердің бар өнері, мақсаты киімін түзетпек, жүріс- тұрысын түзетпек болады да, мұнысын өзіне бар дәулет біледі. Абай. ~ Әуелі – білім-ғылым табылса, ондай-мұндай іске жаратар едім деп, дүниенің бір қызықты нәрсесіне керек болар еді деп іздемекке керек. Оның үшін білім-ғылымның өзіне ғана құмар, ынтық болып, бір ғана білмектіктің өзін дәулет білсең және әр білмегеніңді білген уақытта көңілде бір рахат хұзур хасил болады. Абай.
