Posted in

ДӘУРЕН КЕШТІ (СҮРДІ)

Бір адамдай ғұмыр кешті, дүние қызығын татты. * Сол мола Күшікбай батырдікі. Кезең де сол себепті Күшікбай атымен аталған. Күшікбайдың кім екендігін, басынан қандай дәурен кешкендігін әрлі-берлі өтіп жүрген керуеннің көбі білуші еді. М.Әу. * Мiнiм болсын, өзгем болсын, бiр жағы өзiңнен едi. Ұзақ дәурен кешiп келiп бүгiн сен ырзалық айтып аттансаң болады. Мен сенiмен ендi кеп кiнәласам ба, мырза! – дедi. М.Әу. * Ерке болдым, қызықты дәурен кештім,— деді Алмаш сөзін сабақтап.— Отызға толғанда он сегіздегі өңім сақталып еді… М.Мағ. * Жұбаныш етер бір ілікті далбасалап қарманғандай болам. “Менен де сорлы, менен де гөрі нахақ мұңлықтар аз ба? Солар құрлы бір дәурен кешермін” дегенді талшық етейін деймін. С.Смат. Жасады, өмір кешті. * Баяғы атақты Айса тумай тұрып, Криз деген хан болған дәурен сүріп. Шәк.