Аумалы-төкпелі, үздіксіз қозғалыстағы әлем. ~ Қазір, XXI ғасыр – тану–жаңғыру ғасыры. Бізге дөңгеленген дүниеге сан қырынан қарай алуға, өткен–кеткенді ақыл–ой елегінен жаңаша өткізуге, болашақты барлауға зор мүмкіндіктер туды. Ж.Аяз. ~ Мәңгілік не бар, дөңгеленген дүние. Бірде болмаса бірде, ең болмағанда біреуінің декреттік демалысқа кетуі де мүмкін ғой. Қ.Жиен.~ Беу, дөңгеленген дүние-ай, жақсы адамдар жер бетінен түгесілген күні өз-өзіңнен төңкеріліп кетер ме екенсің! Д.Дос.
