Posted in

ДӨҢ АЙБАТ

Қорқытып, үркіту, сес көрсету туралы. ~ Әлде көпті көрген көне көз би бұған жуан тұқымның дөң айбатына айлаңды қарсы қой, олар айбын бұлдап, қайрат жұмсап, қарық қыла алмай жатқанда ұрымталдан ұмтылып ілгері шық дегені ме? Ә.Кек. ~ Қашан, қалай суыған — өзі де білмейді. Ұшқыр ат тез болдыра ма, немене? Мұны іштей мойындаса да, сырты нық, дөң айбатқа ұста. М.Қаб. * Өзі өктем, айтқанына көндіріп, дегенімен жүргізетіндігіне сенімді секілді зірк-зірк етеді. Құлағының
түбінде тұрып алып, дөң айбатпен күңгір-күңгір сөйлейді. А.Смай.