Жақын маңнан, тасадан. ~ Әбілқайыр Қайып ауылындағы бұл әңгіменің бәрін дөң астынан көріп-біліп жатса да қылп етпеді. Ә.Кек. ~ Түс ауа тырбық қара жусаны бар саздың дөң астынан қызыл қиыршық ұсақ тас көрінген жапағы қалың қатқылға айналды. Қарсы беттен күлімсі иіс салқын леп бетке ұрды. Ә.Кек. ~ Бір мезгілде кәдімгі көшкен елдей ырғалып – жырғалып жайымен келе жатқан қыз – келіншек, бозбалалар. Дөң астында тұрып, екі қыздың қосылып салып келе жатқан әнін де естідік. М.Әу.
