Posted in

ЕБІЛ-ДЕБІЛ (БОП) ЖЫЛАДЫ

Көз жасын көлдей қылды. * Аяқ астынан Тотымен сөзге ілігісті. Ол да қайбір жетіскен жан, ебіл-дебіл жылап, жауапты секретарға барыпты … М.Қаб. * Өкпесі өшіп, жусан құшақтап жатып қалды. Жұдырығымен жер тоқпақтап, еңкілдеп ебіл-дебіл жылады дейсің әлгі жерде. * “Қастарыңда сырты бүтін, іші түтін балалар миллиондап, жүз мыңдап ебіл-дебіл жылап жүр … М.Қаб. * Керісінше, тізім ілінген қағаз түбінде ебіл-дебіл боп жылап тұрған қызды көріп, жүрегіне көңілсіз бір мұң ұялады. Д.Исаб.